Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты «№28 мектеп-лицей» оқушылары Түркияның Анталия қаласында өтетін «XV INTERNATIONAL OLYMPIAD IN ANTALYA» халықаралық олимпиадасына жол тартты. Аталған тақырыптағы халықаралық олимпиада 2009 жылдан бері мектеп оқушыларының арасында ағылшын, тарих, математика, география, биология, сурет өнері және орыс тілі секілді пәндерден өтіп келе жатқан білім жарысы.
Олимпиаданың басты мақсаты — үздік білім мен тәжірибе, шынайы дарын иелерін тану және табысқа жету жолына серпін беру.
Өткен жылғы «XIV INTERNATIONAL OLYMPIAD IN ANTALYA» олимпиадасында жеңіспен оралған «№28 мектеп-лицей» ұжымы биыл да 12 оқушымен олимпиадаға аттанды.
Әріптестерімізге ақ жол, олимпиадада бақ сынайтын оқушыларымызға сәттілік тілейміз.