Оқыту семинары

Ордабасы аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен кеше, Б.Оңтаев жалпы орта мектебінде «Балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн» атты ұлттық ақпараттық науқанын түсіндіру бойынша аудандық оқыту семинары өткізілді.

Семинарға Түркістан облысы білім басқармасының кәмелетке толмағандарды әлеуеттендіру бөлімінің бас маманы Е.Бекжанов, мектеп басшылары, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен әлеуметтік педагогтер қатысты.

Семинар мақсаты: білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілерінің көмек алу түрінің маңыздылығын атап өту, балалардың еңбегін қанауға жол жоқ екендігін түсіндіру.

Семинар барысында: білім беру ұйымдарының мемелекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу туралы, сонымен қатар бала еңбегін қанауға жол жоқ екендігі, бала еңбегінің себептері болып табылатын проблемалар, Еңбек шарты 16 жасқа толған азаматтар мен ғана жасауға рұқсат етілетіндігі туралы жан-жақты мәселелер қозғалды.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар