Оралда бір-бірімен төбелескен ресейліктер Қазақстаннан шығарылады

Орал қаласында төбелескен шетелдіктерді республика аумағынан шығару туралы сот шешім қабылдады, деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

«Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік соты «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» ҚР Заңының 28-бабының негізінде ҚР заңнамасын бұзғаны үшін оқиғаның барлық қатысушыларын республика аумағынан шығару туралы шешім қабылдады»,-делінген хабарламада.

Осыған дейін Оралда түнгі клубтың жанында төбелескен Ресей азаматтары бес тәулікке қамалған болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар