Ордабасы ауданы, Қараспан аймағы, Мақташы ауылында 200 орындық Зиядин Исабеков атындағы жалпы орта мектептің ашылуы болды. Салтанатты жиында Ордабасы ауданының әкімі Нұрбек Бадырақов арнайы құттықтау сөз сөйлеп, Түркістан облысының құрметті азаматы Бектас Қоштыбайұлымен бірге жаңа ғимараттың лентасын қиды.
Заман талабына сай жабдықталған су жаңа ғимарат 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында ашылды. Білім ордасының ашылу салтанатына аудандық білім бөлімінің басшысы Шұға Нұрабаева, ОҚМПУ -дың проректоры Баршакүл Қашқынқызы да қатысты. Ауыл тұрғындарының қуанышынд шек жоқ. Бұл оқу ордасынан сапалы білім, саналы ұрпақ тәрбиеленіп шығады деген сенімдеміз.