Ордабасы аудандық білім бөліміне қарасты «Зерде» жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы Басимбекова Жаңыл ұстазы, физика пәні мұғалімі Салтанат Бахтиярқызының жетекшілігімен «Ғарыштық аппараттар және ракета тасымалдаушылар» тақырыбында зерттеу жұмысын жүргізді. Белгілі бір бағытта жүріп отырып, ауа температурасын өлшеп, шыңдағы тау жыныстарын зерттеп-талдау, оны қашықтан басқару мақсатында ғарыштық аппарат және ракета тасымалдаушы құрылғы жасады.
Ғылыми зерттеу жұмысты жазу барысында төмендегі жайттарды жасағысы келді:
- Гравитациялық кеңістік мәселесіне назар аудара отырып, күнделікті тұрмыстағы жағдаймен келесі бір планетаны байланыстыру, ұштастыру;
- Осы аппарат арқылы кішірек болса да планета туралы өзгеріс енгізу.
Бұл идея ең алдымен Қазақстан аумағында сапалы ақпараттық һәм телекоммуникациялық қамтамасыз ету мәселесі оң шешімін тапсын деген мақсатта жасалынды. Бұл ретте қазақстандық аппарат Қазақстан, Орталық Азия мен Ресейдің біршама аумағына арзан әрі сапалы байланыс түрлеріне өз пайдасын тигізбек.
Бүгінгі күні елдегі хабар тарататын телеарналар мен байланыс операторлары бағасы жағынан айтарлықтай қымбат шетелдік жерсеріктеріне жүгініп келеді. Тұңғыш «ҚазСат-1» жерсерігі сәтсіздікке ұшырғаннан кейін отандық операторлар шетелдік спутниктік қызметті пайдалануға мәжбүр болған. Сол себепті бұл жұмысты дамытып, тәжірибе жасағысы келді.