Қостанай – Түркістан — Қостанай бағыты бойынша тікелей әуе рейстері ашылады

Әуе сапарларының қолжетімділігін арттыру және ішкі туризмді дамытуды ынталандыру мақсатында «QAZAQ AIR» әуе компаниясы 14 қаңтардан бастап Қостанай-Түркістан-Қостанай бағыты бойынша әуе рейстерін ашайын деп отыр.

Аталған бағыттағы жолаушылар ұшағы сейсенбі және жексенбі күндері аптасына 2 рет (IQ 361 Қостанай (14:10) – Түркістан (16:30)IQ 362 Түркістан (17:10) — Қостанай (19:30) ұшады.

«Субсидияланатын әлеуметтік маңызы бар авиарейстердің құны бір бағытта 27 000 теңгені құрайды. 14 жасқа дейінгі балаларға 50% жеңілдік беріледі. Қол жүгін тасымалдау нормасы – 5 кг, қол жүгі – 20 кг. Ұшу күнін өзгерту және билеттерді қайтару тегін«QAZAQ AIR» аймақаралық маршруттарда «de Havilland Canada Dash-8 Q400»үлгісіндегі канадалық ұшақтарды пайдаланады. Әуе компаниясы ұшу географиясын кеңейту мақсатында бір үлгідегі флотты ұлғайтуды және  әуе паркіне реактивті флотты қосу мүмкіндігін қарастырып жатыр», деп мәлімдеді облыс әкімінің баспасөз орталығы.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар