“Отаным жүрегімде” байқауына 100-ден аса өтінім түсті

Түркістан облысы білім басқармасы “25-қазан Ұлттық Республика күні” қарсаңында әлеуметтік желіде “Отаным жүрегімде” челленджін жариялаған еді. Конкурсқа қатысуға мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының тәлім алушыларын қосқанда 100-ден аса өтінім келіп түсті.

Негізгі мақсат: елін сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елінің тарихын білуге, бай-қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту.

Ереже бойынша қатысушылар Отан, Жер ана, Туған жер тақырыптарында мәнерлеп өлең оқып, талапқа сай бейне роликті өзінің Facebook парақшасына Түркістан облыстық білім басқармасының ресми парақшасын тектеп (Басқарманың Facebook парақшасы; «Түркістан Облысының Білім Басқармасы») және #ОтанымЖүрегімде хештегін белгілеп, басқарма тарапынан ұсынылған байқауға қатысатынын ескертті.

Бейне роликтерді қабылдау уақыты 20-25 қазан күндері жүргізілді. Қазіргі таңда шығармашалық топ барлық қатысушылардың өлеңін жеке тыңдап, жеңімпаздарды анықтауда.

Байқау қортындысына сәйкес үздік 10 материал іріктеліп(6 мектеп оқушысы мен 4 колледж студенті) марапатталады. Жеңімпаздарды 30 қазан күні ресми, өлеңдерімен жариялаймыз!

Патриоттық өлеңді мәнерлеп оқып, байқауда белсенділік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар