Бүгін Отырар ауданының білім бөліміне қарасты «Жамбыл» атындағы мектеп-лицейінде республикалық «Балалар әлемі» жобасы аясында байқау өткізілді.
Мақсаты: Балаларды кітапқа қызықтыру. Бала тәрбиесінде кітап оқудың орны ерекше екенін түсіндіру. «Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді»,- демекші білім белгісі мектептен, тәрбие белгісі отбасынан бастау алатынын ұғындыру.
Байқауға 8,9,10 сынып оқушылары қатысты. Байқауға қатысқан оқушыларға алғыс білдірді. Оқушылар оқыған кітаптары бойынша тест сұрақтарына жауап беріп, эссе жазды.