Отырар аудандық білім бөліміне қарасты Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназияның 5-сынып оқушысы Базархан Дархан жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың математика пәнінен жүлделі ІІ-орын иеленді.
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 19 мамыр күні жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиада «oqylyq» платформасы арқылы онлайн форматта өтті.
Білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін және танымдық қызметке қызығушылығын анықтау және дамыту мақсатында ұйымдастырылған олимпиадада Базархан Дархан жаратылыстану-математикалық бағытындағы математика пәні бойынша дайындалған тапсырмаларды орындады.
Жалпы білім беретін олимпиаданың республикалық кезеңінде топ жарып, оза шапқан шәкіртімізді жеңісімен құттықтаймыз!