Отырар ауданында М.Әуезов атындағы жалпы орта мектеп базасында «Физика сабағында проблемалық оқыту тәсілдерін қолданудың маңызы» тақырыбында аудандық тәжірибелік семинары өткізілді.
Физика пәнін оқытуда мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін, педагогикалық шеберліктерін арттыру, жаңашыл ұстаздардың тәжірибесін дамыту,әдіс-тәжірибе алмасу жұмыстарын жетілдіру мақсатындағы семинарға жалпы білім беру ұйымдарынан 30 аса педагогтер қатысты.
Оқушылардың шығармашылық дағдыларын, танымдық ізденушілік қабілетін дамытудың тиімді әдістерін қарастыру, өзін-өзі бағалауға дағдыландыру, мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін, шығармашылық ізденістерін дамыту жұмыстарын жетілдіру мақсатында «Механизмдердің пайдалы әсер коэффициенті», «Массалар ақауы», «Сабақта табысқа жетуге жағдай туғызу тәсілдері», «Жаратылыстану әлеміндегі пәндер үндестігі», «Линзаның көмегімен кескін алу» тақырыптарында әдістемелік көмек, коучинг сабақ, практикалық сабақ, презентация көрсетілді.
Физика пәні мұғалімдері өткізілген ашық сабақтарда болып, іс-тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды. Мектеп ұжымы семинарды өз дәрежесінде өтіп, өздерінің ұйымшылдықтарын көрсете алды. Сонымен қатар, заманауи іс-тәжірибелерімен бөлісіп, сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді.
Семинардың соңында қатысушы ұстаздар тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылып, өз әсерлерімен бөлісті. Қатысушылар «біркүндік семинарға қатысып, бір жылдық азық алып бара жатырмыз», — деп тарқасты.