Отырар: Тарих айлығы басталды

Отырар ауданы Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектебінде тарих-география бірлестігінің айлық іс-шарасы басталды. Тарих-география, яғни «Ақиқат» бірлестігіндегі пән мамандары «Тарихты білу – ұлтты ұғыну» тақырыбында бұрыш жасап, тарих өткелдері мен географиялық картаны қабырғаға іліп, сәнді етіп безендірді. Әрі мектеп директорының қолға алған мектеп ішін безендіру ісіне атсалысып отыр. Айлық іс шараның ашылуы да әсерлі өтті. Мектеп мұғалімдері мен оқушылары арасында түрлі ойындар, биылғы мерейлі жылдарға, ұлылардың мерейтойларына қатысты, Тәуелсіздік шежіресі жайлы сұрақ-жауаптар айтылып, іс-шараның ашылуы есте қаларлықтай әсер берді. Алдағы айлық іс-шарада пән мұғалімдері 12 үлгілі ашық сабақ, сайыс сабақтарын өткізуді жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, сабақтан тыс «Бабалар ізімен» квест ойынын, «Сұр мерген» ойынын, «Тамыры терең — қазақ елі» тақырыбында кеш өтетінін хабарлады.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар