Отырарда оқушыларды психологиялық қолдау бойынша ақпараттық семинар өтті

Отырар аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет жоспарына сәйкес Ә.Байтанаев негізгі білім беру мектебінде «2023-2024 оқу жылында оқу-тәрбие процесінде оқушыларды психологиялық қолдау қызметін ұйымдастыру сапасын арттыру» тақырыбында аудандық жалпы, негізгі, бастауыш мектептерінің педагог-психологтарының аудандық семинары өткізілді.

Семинардың мақсат-міндеті: жалпы, негізгі, бастауыш білім беретін мектептердегі педагог-психологтардың құжатын жүргізуде заңнамалар мен ережелерге сәйкестендіру. Психологтардың потенциалдық әлеуетін көтеру. Педагог-психологтардың әдіс алмасуын жетілдіру. Тәуекел топтағы балалармен жұмыс жүргізу, мектеп оқушыларын педагогикалық, психологиялық қолдау болып табылады. Аталған семинарға білім беру ұйымдарынан 39 педагог-психолог қатысты.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар