Қазығұрт ауданы білім бөліміне қарасты «Қосағаш» жалпы орта білім беретін мектеп базасында «Арт-терапия техникаларын қолдану арқылы балалардың таным қабілеттерін арттыру» тақырыбында педагог-психологтарға арналған тәжірибелік семинар өтті.
Мақсаты: Баланың жеке басын тәрбиелеу және таным қабілеттерін дамыту.
Тәжірибелік семинарды мектеп басшысы С.Сайлауов, аудандық білім бөлімнің әдіскері Э.Бекбавулова семинарды ашып берді.
Семинарға барлық білім бөліміне қарасты мектептердің педагог-психологтары қатысты.
Мектеп педагог-психологы Э.Кошкинбаева «Арт терапияларын қолданану арқылы балалардың таным қабілеттерін дамыту» тақырыбында баяндама оқыды. Ұ.Онашбаева «Логопедиялық сабақ барысында дефектолог мамандығының арт терапияның қолдану маңыздылығы» тақырыбында тренинг өтті .
Э. Кошкинбаева өзінің «Арт терапия техникалары арқылы балалардың таным қабілеттерін арттыру» тақырыбында жазылған іс тәжірибиесі таратылды.