Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің жұмысын үйлестірудегі негізгі қағидалар

Жуырда Шардара ауданының «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің жұмысын үйлестірудегі негізгі қағидалар» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өткізілді.

Семинарға облысқа қарасты аудандардан Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру мекемелерінің меңгерушілері және Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің меңгерушілері, әдіскерлері және жауапты мамандар қатысты.

Іс-шара барысында «Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға түзету-дамыту жұмыстарын жүргізуде нормативтік құжаттардың рөлі» жөнінде ППТК-нің басшысы М.Ж.Маканов жан-жақты саралап, түсіндіріп өтті.

Сонымен қатар, «Жемістер» атты ашық сабақты логопед А.Б.Байбалова, «Қызықты ойындар» педагог-психолог М.К.Даулбаева, «Баланы ЖХЖ (МКФ) шеңберінде тексеру» дефектолог А.Р.Тулебаева өткізсе, «Баланың психологиялық-әлеуметтік дамуы мәселелерін бағалауды жүргізу технологиясы» тақырыбында әдіскер А.К.Камалова әдістемелік түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Семинар барысында сұрақтар қойылып, кері байланыс орнады.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар