Ордабасы аудандық білім бөлімі Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Қазақстандық қоғамдық даму институты» «Балалар әлемі» жобасы аясында республикалық балалар оқулары байқауының аудандық кезеңі болып өтті.
Байқау мақсаты — оқуға құштар мектеп жобасы аясында оқу сауаттылығын арттыру. Байқауға аудандық білім беру ұйымдарынан 77 оқушы қатысты.
Екі кезеңнен тұратын сайыста қатысушылар, оқыған шығармалары арасында эссе және қазақ және шетел әдебиеті шығармаларынан құрылған 60 сұрақтан тұратын тест сұрақтарына жауап берді. Байқау қорытындысы бойынша Ә.Молдағұлова атындағы жалпы орта мектебінен Сүйін Алинұр, «Төрткүл» жом Кеңебек Қуаныш, «Қызылжар» жом Жания Жантасқызы жүлделі ІІІ орын, М.Исламқұлов ат жом Омарова Береке,»Төрткөлтөбе» жом жүлделі ІІ орын, «Төрткол» жом Сәулембаева Мәруа І дәрежелі дипломға ие болып, облыстық байқауға жолдама алды. Қалған қатысушылар аудандық білім бөлімінің арнайы «Алғыс хатымен» марапатталды.