Республикалық «IQANAT» олимпиадасында Түркістан облысынан 16 оқушы жүлдемен оралды

Ауыл оқушыларына арналған IQanat олимпиадасының бүгінгі таңда орны ерекше. IQanat олимпиадасының негізгі мақсаты — ауыл мектептері оқушыларының Қазақстандық және шетелдік алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарына оқуға түсу мүмкіндігіне тең қолжетімділікке ие болуларын қолдау.

Сонымен қатар, осы олимпиада арқылы ауыл оқушыларын пәнге деген қызығушылықтарын ояту.

Жалпы Қазақстан бойынша IQanat олимпиадасына 800-ге жуық оқушы қатысты.

Түркістан облысынан Республикалық Олимпиадаға 174 оқушы қатысты.

16 оқушы IQanat High School of Burabay мектебіне өтті.

1 оқушы жүлделі І орынға ие болды.

Барлық оқушыларға құнды сыйлықтар берілді: IQanat логотипімен футболка, рюкзак, сумка-шоппер, әдеби кітап, авторы Ә.Нұршайықов «Қан мен Тер».

Жеңімпаз болған оқушыларымызбен таныс болыңыздар:

  1. Жетісай ауданы, Әуелбек Балжан
  2. Жетісай ауданы, Жанабай Даниял
  3. Жетісай ауданы, Құттыбек Ержігіт
  4. Қазығұрт ауданы, Махамбетәлі Дінішбек
  5. Қазығұрт ауданы, Тойлыбай Рамазан
  6. Сайрам ауданы, Ирисметова Барно
  7. Сауран ауданы, Бахадиров Шахзод
  8. Созақ ауданы, Серік Дулат
  9. Созақ ауданы, Маликов Айкын
  10. Түлкібас ауданы, Бекеева Дана
  11. Түлкібас ауданы, Сауранбай Гульнур
  12. Түлкібас ауданы, Давлетбек Сырым
  13. Төлеби ауданы, Көпжасар Арай
  14. Төлеби ауданы, Арсланова Маржан
  15. Шардара ауданы, Рахымжан Ақсезім
  16. Шардара ауданы, Токмагамед Асхан.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар