Республикалық «Махамбет оқулары» конкурсы өтті

Бүгін Түлкібас ауданының білім бөлімі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскері Г.Оразбаеваның ұйымдастыруымен Абай атындағы мектеп-лицейінде 8-11 сынып оқушылары арасында аудандық «Махамбет оқулары» байқауы өтті.

Байқау мақсаты — мектеп оқушылары арасында Махамбеттің ұлтына ұран болған рухы биік туындыларын насихаттау, тарихи деректер бойынша тұжырым жасай білу дағдысына үйрету, түсініктерді деректермен, дәйексөзбен дәлелдеуге жаттықтыру, бабалардың ерлік рухын сезіндіру арқылы азаматтық тәрбие беру.

Бес бағыт бойынша өткен байқауға жалпы білім беру ұйымдарынан — 105 оқушы қатысты. Байқауға қатысқан оқушылар әсіресе Махамбет, Жәңгір хан, Ер Едіге, Қасымхан сынды кейіпкерді таңдай отырып, жинақтаған деректерді тарихи-әдеби және рухани мәнін аша білді. Көтерілген мәселенің өзектілігін ұлттық мүдде тұрғысынан талдап, ұлттық құндылықтардың маңыздылығын арнайы дайындаған слайд арқылы көрсетті.

Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасының шешімімен 2023 жылы 9 қараша күні Түркістан қаласында өтетін облыстық кезеңге төмендегі шығармашыл оқушыларымыз жолдама алды.

Атап айтсақ, «Ұлы арман» бағыты бойынша С.Сейфуллин ат.ЖОМ 8-сынып оқушысы Жумагул Нұрайлым, «Шашақты найза, Шалқар күй» бағыты бойынша М.Ломоносов атындағы МГ-ның 10-сынып оқушысы Батырбек Батыйхан, Жас ақындардың өз туындыларын мәнерлеп оқу конкурсы бойынша Т.Рысқұлов атындағы ЖОМ 11-сынып Ықыласбай Эльза, «Біз неткен ер, неткен ер? Сергелдеңмен өткен ер» бағыты бойынша М.Ломоносов атындағы МГ-ның 8-сынып оқушысы Сыдығалы Жания облыстық кезеңге жолдама алды.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар