Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 2-14 мамыр күндері аралығында Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, мамандандырылған Жамбыл атындағы мектеп- гимназия базасында жалпы білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушылары арасында Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиада өткізілді.
Жас дарындарымыздың төл әдебиетіміз бен мәдениетімізге, ана тілімізге деген қызығушылықтарын ояту, Алтайдан Аризонға дейін даңқы асқақтаған ұлт ұстазы рухын ұлықтау мақсатында өткізілген олимпиадаға Түркістан облысы атынан Отырар ауданының Жамбыл атындағы мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Жарылқасын Наргиз 3-орын және 11-сынып оқушысы Дербіс Ұлназ жүлделі 2-орын иеленіп аудан мерейін үстем етті.
Жеңістеріңіз құтты болсын!!!