Комиссия отырысында күн тәртібіне сәйкес спорт саласы терминдері, мектеп мектеп терминологиясы, соның ішінде физика, химия және математика пәндерінің терминдері қаралды. Аталған терминдердің бәріне де алдын ала ғылыми-лингвистикалық сараптама жасалып, көпшіліктің қатысымен талдау мақсатында «termincom.kz» сайтындағы «Алаң» платформасына орналастырылды.
Комиссия отырысында барлығы 700-ден аса термин қаралды.
Отырысқа Республикалық терминология комиссиясының мүшелері, тиісті мемлекеттік органдардың жауапты өкілдері қатысты.
Комиссия шешіміне сәйкес мақұлданған терминдер termincom.kz сайты мен «Терминологиялық хабаршы» электронды журналында жарияланатын болады.