Рухани мекенге әлемнің көзі ауды

Возможно, это изображение памятник

Возможно, это изображение 1 человек

Нет описания фото.

Түркістан – тек Қазақстанның ғана емес, бүкіл түркі әлемінің мәдени және рухани жүрегі. Қасиетті мекенге деген шетелдік туристердің қызығушылығы жыл сайын еселеп өсуде. Бұл – аймақтың халықаралық туризмдегі беделінің артуы мен Түркістанның әлемдік туристік картадағы беделінің нығаюының көрінісі. 2Жыл басынан бері Түркістан облысына келген шетелдік туристер саны өткен жылмен салыстырғанда екі есеге жуық артты! E-qonaq платформасының дерегі бойынша 27 мың шетелдік қонақ аймақтың киелі жерлерін тамашалауға келген. Бұл – тек бастамасы ғана. Жоспар бойынша жыл соңына дейін шетелдік туристтің санының артуы күтілуде, ал ішкі туризм көрсеткіші де тыңғылықты өсуде: 350 мыңнан астам адамды құрамақ.

Туристік инфрақұрылым да қарқынды дамуда. Қазіргі таңда Түркістан облысында 10 219 төсек-орын бар, бұл жоспарланған көрсеткіштен 26% артық. Демалыс орындары көбейіп, Төлеби ауданындағы нысандар саны 194-ке, ал Сарыағаштағы шипажайлар саны 63-ке жетті. Қонақжайлылық пен сервистің жоғары сапасы туристердің көңілінен шығуда.

Туризм саласына салынған инвестициялар 33 млрд теңгеге жетті, бұл жоспардың 59%-ы. Бұл қаржы заманауи қонақ үйлер, инфрақұрылым және жаңа туристік бағыттарды дамытуға бағытталуда. Жақында Түркістан халықаралық туризм альянсына мүше болады, бұл облыстың халықаралық аренада танылуын күшейтеді. Түркістанның тартымдылығы Азиядан бастап Еуропаға, Таяу Шығыстан Америкаға дейінгі әлемнің әр бұрышынан келген саяхатшылардың жүрегін жаулап алды.

Түркістан облысы Қытайдағы Ханжоу қаласында және Түркиядағы беделді ұйымдармен тығыз байланыс орнатып, өз туристік әлеуетін белсенді түрде танытуда. «Визит Түркістан» ақпараттық орталығы Қытайдың Шанхай қаласында ашылып, шетелдік туристерді тартудың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Олардың арасында Қытай, Ресей, Түркия, Германия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея, БАӘ, АҚШ және басқа да көптеген елдердің азаматтары бар. Осылайша, Түркістан – Азия, Еуропа, Солтүстік Америка, Таяу Шығыс және Австралиядан саяхатшылардың назарын аударған шынайы халықаралық туристік орталыққа айналды. Туристік бағыттарды дамытуда қызмет сапасы ерекше назарда. Биыл 66 гид-экскурсоводқа арнайы тренингтер өткізіліп, олардың біліктілігі арттырылды. Бұл туристерге жоғары деңгейде қызмет көрсетуге жол ашады.

Түркістанның киелі мекендері мен тарихи мұрасы әлемге ашық. Мұнда рух пен мәдениет тоғысқан. Шетелдік туристердің санын арттыру – бұл аймақтың ғана емес, бүкіл еліміздің имиджін халықаралық деңгейге көтеретін үлкен жетістік. Түркістан – рухани туризмнің жаңа кезеңі. Әлемнің әр түкпірінен келетін саяхатшылар киелі мекеннің шынайы сұлулығын өз көздерімен көріп, рухани жаңғыруға қадам басуда.

 

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар