Қ.Сәтбаев атындағы Республикалық олимпиадасында оқушыларымыз жүлделі орындарға ие болды

Жезқазған қаласында 9-сынып оқушылары арасында химия пәнінен Қ.Сәтбаев атындағы республикалық олимпиадасынан облысымыздың дарынды оқушылары жүлделі орындарға ие болды.

2023 жылдың 30 қазан мен 2 қараша аралығында Жезқазған қаласында Қ.Сәтбаев атындағы 9-сынып оқушыларына арналған химия пәні бойынша республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңі өткізілді.

Олимпиаданың мақсаты – дарынды балаларды анықтау және қолдау, теориялық білім мен практикалық дағдыларын тереңдету, олардың химия пәнін оқуға қызығушылығын арттыру.

Олимпиадаға Қазақстанның білім беру саласынан 20 астам командадан, 70 аса оқушылар қатысты.

Нәтижесінде:

ІІ орын, күміс медаль иегері

  1. Камилов Хасан – Түркістан облысы білім басқармасының «Білім-инновация» лицей-интернатының оқушысы.

ІІІ орын, қола медаль иегері

  1. Сейтжаппар Гүлнұр – Н.Оңдасынов атындағы Түркістан мамандандырылған мектеп-интернатының оқушысы.

Жеңімпаз оқушыларымыз бен дайындаған жетекші ұстаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар