Сайрам ауданында ұстаздар күніне орай мерекелік іс-шара өтті

Сайрам ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен №93 Абылай хан атындағы жалпы орта мектебінің мәжіліс залында «Ұстазыма мың алғыс!» атты ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шара болып өтті.

Салтанатты шараға аудан әкімі Арман Сәбитов, Сайрам ауданы мәслихатының төрағасы Шамхат Халмурадов, аудан ұстаздары және ардагер ұстаздар

қатысты. Аудан әкімі білім саласындағы оң көрсеткіштерге тоқталып, мұғалімдерді мерекемен құттықтады.

«5 қазан күні дүниежүзіндегі 100-ден аса елде мұғалімдер күні мерекесі тойланады. Ұстаз — ұлағатты есім! Мұғалімге артылар міндет ауыр екені белгілі. Ұрпақ тәрбиелеу үлкен жауапкершілік. Бүгінде ауданда 64 990 оқушы бар, ал мұғалімдер саны 7867-ге жетті. Ауданның барлық мұғалімлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін»,- деп сөзін аяқтады аудан әкімі.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар