«Сайрамда бар-сансыз бап» атты жас туристерге тарихи экскурсия ұйымдастырылды

“Сайрамда бар-сансыз бап”. Дәл осы тақырып аясында «Жаз қызығы — көңілді демалыс» іс-шаралар жоспарына сәйкес өлкетанулық экскурсия ұйымдастырылды.

Басты мақсат — Сайрам елді мекеніндегі Шымкент қалалық тарихи өлкетану мұражайына, Ибрагим ата, Қарашаш ана кесенелерімен , Қызыр пайғамбар мұнарасы тарихымен таныстыру.

130-дан астам жастуристер туған өлкенің тарихи, мәдени және рухани мұрасын, туған өлке тарихына деген құрметін қалыптастырып, бойында ата-бабаларына деген құрмет сезімді сезініп, тарихи естеліктермен танысты. Олар арқылы мұражай жұмысын, тарихи құндылықтары насихатталды. Оқушылардың «Жаз қызығы — көңілді демалыс» жазғы демалыс уақытындағы іс-шараларға қызықтыру, қызығушылықтарын арттыруды көздейтін бастаманы «Облыстық жас туристер станциясы» ұйымдастырды.

Тарихи мұралармен танысуға Түркістан облысының белсенді оқушылары қатыстырылды.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар