Самарқанда Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті өтеді

Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті 2022 жылғы 11 қарашада Самарқан қаласында өтеді, деп хабарлайды Өзбекстан СІМ баспасөз қызметі.

Түркі мемлекеттерінің ұйымына Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан кіреді. Бақылаушылар ретінде – Мажарстан мен Түрікменстан бар.

Бұған дейін хабарланғандай, Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі 2021 жылғы 14 қарашада Ыстанбұлда өткен ТМЫК-ға мүше елдердің VIII саммитінде Түркі мемлекеттерінің ұйымы болып өзгертілді.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар