Сарыағаштағы «Балдаурен» лагері заман талабына сай жұмыс істейді

Балалардың демалысын ұйымдастыру қашанда маңызды мәселенің бірі болып саналады. Жыл сайын демалыс уақытындағы бүлдіршіндер мен жасөспірімдердің толық демалуларына, жан-жағын танып-білуіне, шығармашылық және қоғамдық белсенділігін арттыруға, өзін-өзі ұйымдастыру қабілеттерін дамытуға, басқа да танымдық тұрғыдан білімі мен іскерліктерін арттыруға жағдай жасау мақсатындағы осындай жазғы сауықтырудың жөні бөлек. Сондай лагерлердің бірі Сарыағаш ауданында орналасқан «Балдаурен» балларды сауықтыру оталығы.

2005 жылы құрылған сауықтыру оталығы жоғары деңгейде қызмет көрсетеді.

Сиымдылығы 350 оқушы. Лагер аумағына 4 жатақана, 1 асхана, 1 кіші бассейн, 2 әжетхана (сыртта орналасқан) кіреді.

Лагерде мамандар демалыс пен денсаулықты жақсартуға бағытталған ойын-сауықтарды қамтый отырып, баланы өзін-өзі басқаруға, шығармашылыққа және ғылымға баулиды.

Одан өзге, лагерде балалардың уақыттарын тиімді өткізу мақсатында және тұрақты тамақтануды ретке келтіруге арналған арнайы күнтізбелер жасалған.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар