Сауран ауданында жаңа мектеп алғашқы оқушыларын қабылдады

Бүгін, “ 1 қыркүйек — Білім күні” мерекесімен қатар Түркістан облысы, Сауран ауданының білім бөліміне қарасты №2 жалпы білім беретін мектеп алғашқы оқушыларын қабылдады.

Жаңа мектептің ашылу салтанатына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Тәжібаев Бейсенбай Дәулетұлы қатысып, жаңа оқу жылына оқушылар мен ұстаздарға жылы лебізін білдірді.

2021 жылы құрылысы басталған білім ұясы типтік, үш қабатты, 300 орындықты қамтиды. Ғимараттың қабырғасы кірпішпен қаланған. Су және кәріз жүйе орталықтандырылған. Қатты отынмен жылытылады. Жаңа білім мекемесінің оқу кабинеттерінен бөлек, асхана, медпункт, спорт залы бар. Құрылыс жұмыстарын “AziaRCр” ЖШС компаниясы жүргізген.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар