Сауран: «Балалар және театр» ағартушылық жобасы жүзеге асырылуда

«Балалар және театр» ағартушылық жобасын жүзеге асыру мақсатында Сауран ауданына қарасты Мәншүк Мәметова атындағы жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Ертегілер еліне саяхат» тақырыбында қуыршақ театрының ашылу салтанаты өтті.

Іс-шара барысында «Қуыршақ театры» сомдаған қойылымдар мен қызықты ертегілерді көріп тамашалаған қатысушылар мәз-мейрам болды. Әсіресе ата-әжелерімен бірге ере келген кішкентай бүлдіршін балалардың қуанышында шек болмады.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар