Сауранда «Білім бәйге» сайысы өтті

Жастардың танымдық қабілетін арттырып, білім деңгейлерін көтеру мақсатында Түркістан облысы, Сауран аудандық әкімдігінің ұйымдастыруымен облыстық «Білім бәйге» сайысы өтті. Интеллектуалды сайыстың салтанатты аудан әкімі Мақсат Таңғатаров арнайы қатысты.

Сайыс 4 кезең бойынша өтті. Қатысушылар салт-дәстүр, өнер және жалпылама сұрақтар бойынша сынға түсті. Облыстық деңгейде өткізілген білім жарысына Түркістан облысының аудан-қалаларынан 22 құрама қатысты. Әр кезең бойынша жауап беруге 1 минут уақыт берілді.

Тартысты өткен сайыс қорытындысы бойынша 3 орынды — Сауран ауданының «Жібек жолы» командасы иеленді. Ал, 2 орынға — Түркістан қаласының «The best leaders» командасы тұрақтады. 1 орынды Арыс қаласының «Арыс арулары» командасы жеңіп алды. Барлық командаларға аудан әкімі атынан арнайы алғыс хат және қаржылай сыйлықтар табысталды.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар