Ордабасы ауданына қарасты Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінде Біртұтас тәрбие бағдарламасы: «Сынып жетекшілердің жұмысын тиімді ұйымдастырудың инновациялық жолдары» атты аудандық семинар өтті. Мақсаты: Сынып жетекшілердің тәрбие жұмысына қатысты тәрбие берудің тиімді жолдарын айқындау. Ұлттық құндылықтар — біздің тіршілігіміз, бабаларымыздан қалған асыл мұра екенін түсіндіру.
Семинар барысында «Мейірімділік — ізгіліктің жолы», «Адамгершілік — басты адами қасиет», «Мамандықты дұрыс таңдау табысты өмірдің есігі», «Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер», «Отбасы құндылығы — сарқылмас қазына» атты тақырыптарда танымдық сабақ өткізді.
Семинар соңы марапатқа ұласты. Ұстаздардың ойына ой қосып, шығармашылығын шыңдайтын, ізденіске бағыттайтын, алдағы жұмысты одан әрі жандандыруға түрткі болатын тәжірибе алмасулар, семинарлар мен түрлі іс-шаралар бұдан кейін де өз жалғасын таба бермек.