Шардарада бастауыш пән мұғалімдеріне арналған семинар өтті

Шардара ауданының білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының бастауыш пән мұғалімдерімен «2023-2024 оқу жылында оқу процесін ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында ақпараттық семинар өтті.

Атап айтсақ, 2023-2024 оқу жылындағы Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесін реттейтін негізгі нормативтік құжаттар; құзыреттілік, құндылықтарға бағытталған педагогикалық тәсілдерді іске асыру бойынша ұсыныстар; пәнді оқытуда функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша түсіндірме жұмыстары; үлгерімі төмен білім алушылармен жұмыс жасау өзектілігі; сыныптар бойынша оқу жүктемесінің бөлінісі; элективті курстар туралы; халықаралық зерттеулерге дайындық жұмыстарын жүйелеу бойынша өткен оқу жылындағы олқылықтардың орнын толтыру аясында жұмысты жүйелеуге бағытталды.

Аталған ақпараттық семинар барысында оқушылардың білім сапасын арттыру бойынша, іс-тәжірибелерін тарату жұмыстарында кездесетін қиындықтарды шешу жолдары тыңдалып, ұсыныстар айтылды. Аудандық бастауыш сынып жетекшілері, бастауыш пән мұғалімдері бас қосқан семинарда қатысушылар өз ойларымен бөлісті.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар