Шардарада облыстық оқыту семинары өтті

Шардара аудандық білім бөліміне қарасты А.Әлімбетов атындағы жалпы орта мектебінде «Жас мамандар мектебі — болашақтың іргесі» тақырыбында ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған оқыту семинары өтті.

Оқыту семинарына облыстық білім беруді дамыту орталығының тілдер кафедрасының меңгерушісі Апетова Сауле Қаңлыбайқызы ағылшын тілі пәнінен жас мұғалімдерге өз тәжірибесімен бөлісті. Семинар барысында «How to improve students speaking skills» тақырыбы Workshop форматында қызу талқыға түсті.

Жас мамандарға өз білімін жетілдіруге арналған сайттар мен сілтемелер тізімі, халықаралық IELTS тестілеуіне дайындалуға арналған түрлі лайфхактар берілді. Болашақ бағдарламасы арқылы шетелге магистратураға түсу және іс-тәжірибе алмасу бойынша және портфолио, біліктілік санаты, эссе, ғылыми жұмыс, авторлық жоба жұмыстарының жазылуы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Ауданның жас мамандары көптеген сұрақтарына жауап алып, білім азығымен сусындап қайтты.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар