ITEC — шетелде оқу бойынша көшбасшы бағдарлама. Бұл бағдарламаның негізгі міндеті — мүмкіндік беру, менджментті дұрыс жүргізуді ұйымдастыру, алған білімді үйлестіруді үйрету. Аталған бағдарлама бойынша Үндістанның Хайдарабад қаласында Жетісай ауданының білім бөлімінің әдіскері Нұрбакыт Балхибаева оқып келген болатын. Ұлағатты ұстаздың алған білімі мен тәжірибесіне сүйене отырып аудан көлемінде пәні бойынша «Спикертіме», ал тәрбие бағыты бойынша «Қыздарға 100 кеңес» жобасын жүргізуде.
Хайдарабад каласындағы EFLU ұстаздары сыйлаған ұмытылмас көңіл-күй, керемет тәжірибе, оқу — тәрбие процесінде ұзақ мерзімді жобалық жоспарлар құрудымен қоса, олқылықтарды дер кезінде шешуде тиімді жолдар қарастыруды бағыттауда. Бүгінде Н.Балхибаева әріптестерімен өз тәжірибесін бөлісіп жүр.