Шетелдік туристерге ұстаздар қазақтың салт-дәстүрін таныстырды

Түлкібас ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебінің ағылшын тілі пәні педагогі Егембердиев Рустем Бейбітұлының ұйымдастырумен шетелдік туристермен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында Норвегиялық туристерге қазақтың салт — дәстүрін дәріптеп, ата — бабаларымыздың дүниетанымын, ұлттық мәдениет пен ұлттық құндылықтарды, әдет — ғұрыпты, рухани тәрбиені көрсете білді. Қазақтың дәстүрі мен салтына қызыға, тамсана қараған туристер алдағы уақыттарда да дәстүр айнасына айналған төл туындыларымызды құрметтейтіндіктерін жеткізді.

Әр адамның қасиетті борышы — атамекенін сүю, мәдениеті мен салт — дәстүрін қастерлеу. Жігітке жеті өнер де аздық етеді, демекші Рустем Бейбітұлының еңбегіне алғысымыз шексіз. Ұлттық құндылығымыз артып, ұрпақтар сабақтастығы жалғаса берсін демекпіз.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар