Шымкентте 5000 көлік айыптұраққа қойылды

Шымкентте «Қорғау» қосымшасының көмегімен 5000-нан астам көлік айыптұраққа қойылды. Қосымша республика көлемінде алғаш рет 2022-жылдың сәуір айында Шымкент қаласында өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мырзаның тікелей нұсқауымен, қауіпті жүргізушілерді дер кезінде құрықтап, жауапқа тарту үшін аталған бағдарлама іске қосылды. Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы, Қайрат Дәлбеков аталған қосымшаның көмегімен бүгінге дейін біршама нәтижелі жұмыстар атқарылғанын айтады.

«Қорғау» қосымшасы тек жол ережелерін үнемі бұзатын жүргізушілерді ғана емес, ірі көлемдегі қарызы бар, айыппұл арқалаған және алимент төлеуден бастартып жүрген тұлғаларды дер кезінде анықтауда зор үлес қосып келеді.» — дейді, полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков.

Мәселен, мегаполисте 10 ай ішінде «Қорғау- қауіпті жүргізуші» бағдарламасының көмегімен 8797 жол ережесін бұзу жайтына қатысқан 2724 қауіпті жүргізуші ұсталған. Оның ішінде, 2657 автокөлік шетелдік тіркеу нөмірін тақса, тағы 78- жүргізуші жалған нөмір пайдаланған. Нәтижесінде, 5347 автокөлік айыптұраққа жеткізіліп, 72 мемлекеттік тіркеу нөмірі тәркіленді.

Сондай-ақ, сот орындаушыларымен атқарылған жұмыс барысында қарызын өтеуден бас сауғалап жүрген, 1 млн. 569 мың 787 теңге берешегі бар, 39 автокөлік жүргізушісі анықталып, ұсталған. Қауіпті жүргізушілерді заң жүзінде жауапқа тарту және қаладағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстары өз жалғасын табуда.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар