Шымкентте 8 сынып оқушысы мектепте қайтыс болды

Шымкентте 14 жастағы оқушы мектепте қайтыс болды. Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №48 жалпы орта мектебінде оқыс жағдай болды. Дене шынықтыру сабағында 2010 жылы туған 8 сынып оқушысы есінен танып құлаған. Жедел жәрдем уақытылы келгенімен жасөспірімнің өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

«Мектептің медбикесі спорт залға жылдам жетіп алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырған. Шақыруға келген жедел жәрдем қызметкерлері екінші арнайы шұғыл жәрдем шақырған. Алайда, шұғыл жедел жәрдем келгенше баланың жүрегі тоқтап, қайтыс болды. Қазіргі таңда құзырлы органдар тарапынан тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде» — делінген Шымкент қаласы білім басқармасының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар