Шымкентте полиция қызметкерлері 5 қабатты үйдің төбесінен секірмек болған әйелді құтқарды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
102 нөміріне «Адия» ТК-нің тұрғындарынан қоңырау түсті. Олар белгісіз адамның көпқабатты үй төбесіне көтеріліп, өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын хабарлады.
Кезекші жедел түрде патруль полиция полкінің барлық экипажына хабарлама жіберді. Шақыруға бірінші болып 1-рота қызметкерлері Қанат Бишинов пен Бейбіт Нұрпейісов келді.