Шымкентте «заңгер» тұрғындарды 32 млн теңгеге алдап кетті

Алаяқ қазақстандықтарды 32 млн теңгеге алдап кетті. Ол өзін білікті заңгер ретінде таныстырып, сенгіш азаматтарға бизнес жоспарын жүзеге асыру үшін мемлекеттен қайтарымсыз грант пен арнайы төлемдер алып отыруға көмектесетінін айтқан.

Ұсынған «қызметін» 200 мың теңге мен 2,5 млн теңге аралығында бағалаған. Шымкент қаласы мен Түркістан облысының 15 тұрғыны алаяқтықтың құрбаны болды.

«Уәде етілгенін қызметті алмаған жәбірленушілер алаяқтың айласына түсіп қалғандарын түсініп, полицияға арызданған. Оларға келтірген жалпы шығын сомасы 32 миллион теңгені құрады»-делінген хабарламада.

Қазір кезде бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін күдікке ілінген ер адам қамауда отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар