Бүгін Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков аудан орталығындағы бірқатар білім ошақтарындағы «1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесімен қатар өткен мектеп бітірушілердің салтанатты жиынына қатысты.
— Міне, бүгін тағы бір оқу жылын сәтті аяқтап отырмыз. Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Осындай ұстаздардан тәлім-тәрбие алған бітіруші түлектерді оқу жылының сәтті аяқталуымен шын жүректен құттықтаймын. Балалықпен қоштасып үлкен өмірге қадам басасыздар. Алдардыңызда үлкен өмір жолы тұр. Отанымыздың озық оқу орындарында білім алып, еліміздің қажетті мамандық иесі атанды деп сенемін,- деді аудан басшысы.
Айта кетейік, 2022-2023 оқу жылында аудан мектептерінде 1-сыныпқа 1540 оқушы қабылданып, 15433 оқушы білім алды.
Бүгінгі таңда 937 оқушы мектеп бітіргелі отыр. «Алтын Белгіге» 53 оқушы, «Үздік аттестатқа» 90 оқушы үміткер ретінде ұсынылып отыр.
Сондай-ақ, аудан әкімі, 1 Маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесімен барша бүлдіршін, балаларды құттықтап, ізгі тілегін білдірді.