Созақ ауданы, Қ.Кемелұлы атындағы жалпы білім беретін мектепте «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Ізгілікке қалам тартқан… жас ғұмыр» тақырыбында 4-9 сынып оқушыларымен «Кітап — өмір айнасы» атты оқу сағаты ұйымдастырылды.
Мақсат — оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастыру, кітап оқуға ынтасын арттыру, көпшілік алдында өз ойын еркін жеткізуге, тіл байлығын арттыруға ықпал ету, кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру, оқушыларды әдеби кітаптарды оқуға насихаттау арқылы олардың кітап оқуға сүйіспеншілігін арттыру.
Аталған оқу сағаты барысында оқушылар екі топқа бөліну арқылы түрлі сұрақтарға жауап берді. Және де сурет арқылы мәтін құрап, мақал-мәтел, жаңылтпаш айтып, ерекше белсенділік таныта білді.