Бүгін Созақ ауданында жаңа оқу жылы қарсаңында оқушыларды мектеп формасымен қамтамасыз ету мақсатында оқушы формасы мен мектеп жабдықтары жәрмеңкесі өткізілді.
Аталған мектеп жәрмеңкесі аудан орталығы Шолаққорған ауылында өтті.
«Мектепке жол» акциясы аясында өткен жәрмеңкеге Шымкент қаласындағы «Авто Нұр», «Алаш» сауда орталықтары мен Шолаққорған ауылының саудагерлері келді.
Аудан көлеміндегі елді мекендерден ата-аналар келіп, оқушыларға қажетті оқу-құрал жабдықтары мен киім-кешектер сатып алды.
Сонымен қатар, «Мектепке жол» акциясы аясында бірқатар демеушілер мұқтаж жандарға көмек қолын созды.