2023 жылғы 8 маусым күні Созақ аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен А.Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебінде семинар-кеңес өтті.
Семинар-кеңеске Түркістан облысы білім басқармасының «Кәмелетке толмағандарды әлеуметтендіру» бөлімінің бас маманы Еркін Бекжанов, Созақ аудандық білім бөлімінің әдіскері Әсет Өтжанов, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен әлеуметтік педагогтер қатысты.
Аталған іс-шараның басты мақсаты:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысында айқындалған әлеуметтік осал отбасы балаларының 2023 жылы материалдық көмек көрсету барысындағы білім беру ұйымдары басшылармен әлеуметтік педагогтердің іс-қимыл әрекеттерін түсіндіру.
Сонымен қатар, жиын барысында 2023-2024 оқу жылында жергілікті бюджеттен 1-4 сынып оқушыларына бір мезгіл ыстық тамақ берілетіні жөнінде айтылды. Және де ыстық тамақпен қамту, киім-кешек пен мектепке қажет заттарға қаржы беру мәселесіне қатысты жұмыс жүргізу реті мен заңдылықтары түсіндірілді.
Қатысушылар әлеуметтік сала бойынша маңызды сұрақтар қойып, мамандар тарапынан толық жауап алды.