Созақ ауданында оқушылардың қатысуымен «Тәрбиелі жастар – қауіпсіз қоғам» атты форум өтті. Шараға аудан әкімінің орынбасары Қ.Оразов арнайы сөз сөйлеп, жастардың қоғамдағы орнының маңыздылығына айрықша тоқталып өтті.
Сонымен қатар, шараға арнайы қатысқан аудан прокуроры Е.Қожабеков, аудандық мәслихаттың төрағасы О.Жәмиев жалынды жастарға деген ізгі тілектерін арнады. Аудандық полиция бөлімі басшысының бірінші орынбасары, полиция подполковнигі Е.Нұрғазиев қоғамдық тәртіптің жай-күйі және полиция жұмысы туралы баяндама жасап, жол қауіпсіздігін сақтау бойынша рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, мектептерде құқық қорғау, төтенше жағдайлар, медицина, психолог мамандардың қатысуымен кездесулердің тұрақты өтіп жатқандығынан құлағдар етті.
Сондай-ақ ел мақтанышына айналған, жастарға үлгі-өнеге болып жүрген спортшыларымыз ҚР Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, бокстан әлем чемпионы Біржан Жақып және спорттың бірнеше түрінен спорт шебері атанып, халықаралық жарыстарда биік белестерден көрініп жүрген Акбар Елубайұлы жастарды білімге құштар болуға, спортпен шұғылдануға, руханият орталығының мәртебесіне лайықты, өнегелі болуға шақырды.
Айта кетейік, аталған форумның басты мақсаты — оқушылар арасында құқық бұзушылық профилактикасы, жазатайым оқиғалар және өзге де өзекті мәселерді болдырмау, олардың алдын алу.