Төлеби: Биыл көркемсурет мектебін 10 оқушы бітіріп, куәлік алды

Төлеби аудандық балалар көркемсурет мектебін бітірушілер шығармашылық жұмыстарын сәтті қорғап, куәлік және сертификат алды.

Көркемсурет мектебінің ауласында өткен куәлік тапсыру шарасына бірқатар қосымша білім беру педагогтары, биылғы бітірушілердің ата-аналары қатысып, жас түлектердің қуанышына ортақтасты. Ата-аналар көркемсурет мектебіне, балаларына бейнелеу өнерінің қыр-сырын танытқан, жетекшілік жасаған ұстаздарына алғыстарын білдірді.

Биыл аудандық көркемсурет мектебін 10 жас түлек бітірді. Олар аталған мектепте төрт жыл бойы педагог Хидиров Зафар Мамадәліұлынан қосымша білім ала отырып, түрлі облыстық, республикалық байқаулардан жүлделі орындарға ие болды. Осы жылғы түлектердің 8-і шығармашылық жұмыстарын «өте жақсы» деген бағаға қорғады.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар