Төлеби: Екі оқушы республикалық чемпионаттың жүлдегері атанды

Төлеби аудандық оқушылар үйінің тәрбиеленушілері кеме үлгілерін жасау бойынша оқушылар арасында Тараз қаласында өткен республикалық чемпионаттың жүлдегері атанды. Солардың бірі – Нұрислам Назарбек! Ол аталмыш чемпионатта ІІ және ІІІ орыннан көрінді.

Сонымен қатар, бұл чемпионатта төлебилік Ақнұр Әмірхан да ІІ орынға қол жеткізіп, диплом және медальмен марапатталды.

Жүлдегер оқушылар республикалық чемпионатқа аудандық оқушылар үйінің қосымша білім беру педагогы Назарбек Кебекбаевтың жетекшілік етуімен қатысты.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар