Төлеби: «Мектепке жол» акциясы аясында игі іс жасалды

«Жақсылық жаса!» ұранымен өткізіліп жатқан биылғы «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы аясында Төлеби ауданында тағы бір игі іс атқарылды. Аудандық білім бөлімінде білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Төлеби аудандық комитеті тарапынан әлеуметтік статусқа ие 50 балаға оқушы сөмкесі мен оқу құралдары берілді.

Білім бөліміне жиналған әлеуметтік педагогтар мен балалардың алдында сөз сөйлеген аталмыш кәсіподақтың аудандық ұйымының төрағасы Мырзалиев Ғалымжан Алтынбайұлы «Мектепке жол» акциясының маңыздылығына тоқталып, оқушыларды мектептегі сабақтардан қалмай, терең білім алуға, жақсы оқуға, ата-ананың үмітін ақтауға, ұстаздардың сенімінен шығуға шақырды.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар