Төлеби: «Ұстаз барысы» додасының аудандық кезеңі өтті

Төлеби ауданындағы Қ.Тыныбеков атындағы жалпы орта мектепте «Ұстаз барысы» додасының аудандық іріктеу кезеңі өтті.

Педагогтар арасында қазақ күресін дәріптеуге арналған аталмыш доданың аудандық кезеңінде ұстаздар жарыс ережесіне сәйкес, жеті салмақ дәрежесі бойынша күресті. Жекпе-жекке кәсіби балуандар емес, жас ұрпаққа ұстаздық етушілер қатысқанына қарамастан, «Ұстаз барысы» аудандық жарысы барлық ережелерге сай өтті.

Боз кілем үстінде өзара күш сынасқан педагогтар арасынан Алмат Жанызақов, Нұрбол Мекенбай, Сапар Құлатаев, Нұрболат Нәбиев, Дияс Жорабек, Орынбасар Әбубәкір және Қанат Дәлмырзаев өз салмақ дәрежелері бойынша І орын иегері атанды.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар