5 қыркүйек — Қазақстан халқы тілдері күніне орай Төлеби ауданындағы мектептерде түрлі іс-шаралар, онкүндіктер басталып кетті. Соның бірі — Ақбастау жалпы орта мектебіндегі «Тілім–менің тірегім» атты тілдер онкүндігі жоғары деңгейде аталып өтті.
Іс-шара барысында оқушылар ерекше белсенділік танытты. Білім алушылардың тілге деген сүйіспеншілігі, құрметі сезіліп тұрды. Тілдер онкүндігі Ленгір қаласындағы №1 мектеп-гимназияда, №3 П.Тәжібаева атындағы, №4 Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта мектептерінде және басқа да көптеген білім беру мекемелерінде ұйымдастырылып отыр.
Аталған білім ордасының қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі пәндерінің ұстаздары тілдер онкүндігіне үлкен дайындықпен келгендіктерін байқатты.