Орал қаласында спорт шеберлері арасында самбодан әлем чемпионаты өтті. Аталмыш чемпионатқа 18 мемлекеттен 700 палуан қатысып, өз салмақ дәрежесі бойынша күш сынасты. Сол палуандардың бірі–Төлеби ауданындағы Қ.Тыныбеков атындағы жалпы орта мектептің білікті дене шынықтыру пәні мұғалімі, оқушыларын жеңіске жетелейтін педагог Нұрдәулет Сихымбаев әлем чемпионатының жүлдегері атанды.
Бір айта кетерлігі, он үш жылдан бері осы мектепте тапжылмай ұстаздық етіп келе жатқан Нұрдәулет Сихымбаев биыл Астана қаласында самбо бойынша өткен Азия чемпионатында да жүлдегер атанған болатын.