Түлкібас аудандық білім бөліміне қарасты Б.Момышұлы атындағы ЖОМ-ның 2009 жылғы түлектері «Ауылға кітап» жобасы аясында кезекті ауыл мектебіне 50 дана кітап сыйлады. Сыйға берілген кітаптар қазақ жазушыларының, тұлғалық даму, психология тақырыбындағы мұқабасы тартымды, пайдалы кітаптар.
Акция мақсаты: оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, мектеп кітапхана қорын кеңейту.
Іс-шара барысында мектеп директоры Н.Асилбеков сөз сөйлеп, жобаның жас ұрпақтың жарқын болашағына жол ашып, оқушылардың оқу мәдениетін, оқу сауаттылығын, ұлттық құндылықтарды, рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға зор үлес қосады деп тілек білдірді. «Ауылға кітап» акциясының кітаптары мектеп кітапханасына тапсырылды. Осы үрдіс білім беру ұйымдарында жалғасын табуда.