2023 жылдың 5 маусым күні Түлкібас аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскері Ш.Жанабердиевтің ұйымдастыруымен Абай атындағы мектеп-лицейінде барлық білім беру ұйымдарының әлеуметтік-педагогтарымен семинар -кеңес өтті.
Семинарды Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Әдістемелік орталықтың» маманы Алимбетова Гүлжан жүргізіп отырды. Семинар-кеңесте 2023-2024 оқу жылында жалпыға міндетті білім қорынан берілетін киім-кешек, қаржы құжаттарының рәсімделуі туралы сөз қозғалды.
Іс-шаран мақсаты: ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы 64 қаулысында айқындалған әлеуметтік осал отбасы балаларының 2023 жылы материалдық көмек көрсету барысы туралы. Сонымен қатар, ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 8 тамыздағы 544 Қаулысы туралы да облыстық әдістемелік орталықтың маманы жан-жақты түсіндіріп өтті.
Семинар-кеңестің қорытынды кезеңінде аудандағы әлеуметтік-педагог мамандар көкейлерінде жүрген барлық сауалдарға жауаптарын алды және тиімді кері байланыс орнатылды. Алдағы кезеңде де мұндай іс-шаралар өз жалғасын таба бермек.